Бірінші айналымда Андрей Голубев аргентиналық теннисші Максимо Гонсалесті екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Оның ендігі қарсыласы жергілікті спортшы — Игорь Куницын.
Алғашқы ойнында қазақстандық теннисші WTA рейтингісінде 268 орында тұрған Зарина Диас та өзінің қарсыласы WTA рейтингісінде 49-шы орынды иеленіп отырған Хисела Дулконы 6:3, 6:7, 7:6 есебімен тізе бүктірді. Екінші турда З. Диас сербиялық теннисші Елена Янковичпен кездеседі.
Кремль Кубогі — жыл сайын Мәскеу қаласында күзгі мезгілде өтетін ірі халықаралық турнир.