Германияда жасалған операция сәтті болды. Қазіргі таңда спортшы сауықтыру шараларынан өтуде. Оның жарақаты WTA Osaka турнирі барысында күшейіп кеткен болатын. Зарина денсаулығын қалпына келтіргеннен кейін жаттығуға кірісіп, келесі кезеңнің басында кортқа шықпақ.
Айта кетейік, 18 жастағы Зарина Диас Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан құрамасының мүшесі. Ол Қазақстан Теннис федерациясының қолдауымен Чехияда жеке жаттығады.
«Астана Womans», «Stuttgart» сынды жарыстарда топ жарған қазақ спортшысы Италияда өткен халықаралық турнирдің ақтық сынында да өнер көрсеткен. Ол Хисела Дулко, Елена Янкович, Петра Квитова сынды есімі әлемге танымал теннисшілерден де басым түскен болатын.