Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тартылған шетелдік инвестициялардың жан басына шаққандағы көлемі бойынша 1 орын алды
![]() |
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тартылған шетелдік инвестициялардың жан басына шаққандағы көлемі бойынша бірінші орын алды, деп мәлім етті премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев. |
«Қазақстан тартылған шетелдік инвестициялардың жан басына шаққандағы көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінде бірінші орын алады, бұл Ресеймен салыстырғанда 2 есе көп», - деді Е. Орынбаев бейсенбі күні Астанада АҚШ сауда палатасының экономикалық саясат жөніндегі форумында.
Оның ақпаратына сәйкес, 1991 жылдан бері Қазақстан $126 млрд-тан аса шетелдік инвестиция тартты. «…Біз тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Орталық Азия аймағында көшбасшымыз, аймаққа тартылған шетелдік инвестициялардың 85%-дан астамы Қазақстанның үлесіне тиіп отыр», - деді вице-премьер.
«Американдық инвесторлар үшін Кеден одағының кеңістігі ашылады, ал бұл $2 трлн ЖІӨ, тұтыну шығындары - $1,3 трлн. Қазақстан АҚШ-тан инвестицияларды қарқынды түрде тартуды көздеп отыр», - деді Е. Орынбаев.
Вице-премьердің айтуынша, Қазақстан американдық инвесторлардың мүдделері үшін реформаларды жалғастырады, «сенатта инвесторлар үшін рұқсат беру жүйесін оңтайландыруды қарастыратын заң жобасы жатыр».
Сондай-ақ, ол шетелдік инвестицияларды белсенді тарту «Қазақстан үшін ұзақ мерзімді кезеңде орнықты экономикалық дамуының сенімді іргетасы болатынын» жеткізді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін