Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тартылған шетелдік инвестициялардың жан басына шаққандағы көлемі бойынша 1 орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тартылған шетелдік инвестициялардың жан басына шаққандағы көлемі бойынша 1 орын алды

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тартылған шетелдік инвестициялардың жан басына шаққандағы көлемі бойынша 1 орын алды

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тартылған шетелдік инвестициялардың жан басына шаққандағы көлемі бойынша бірінші орын алды, деп мәлім етті премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев.

  • 23 Маусым 2011
  • 651
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан тартылған шетелдік инвестициялардың жан басына шаққандағы көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінде бірінші орын алады, бұл Ресеймен салыстырғанда 2 есе көп», — деді Е. Орынбаев бейсенбі күні Астанада АҚШ сауда палатасының экономикалық саясат жөніндегі форумында.

Оның ақпаратына сәйкес, 1991 жылдан бері Қазақстан $126 млрд-тан аса шетелдік инвестиция тартты. «…Біз тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Орталық Азия аймағында көшбасшымыз, аймаққа тартылған шетелдік инвестициялардың 85%-дан астамы Қазақстанның үлесіне тиіп отыр», — деді вице-премьер.

«Американдық инвесторлар үшін Кеден одағының кеңістігі ашылады, ал бұл $2 трлн ЖІӨ, тұтыну шығындары — $1,3 трлн. Қазақстан АҚШ-тан инвестицияларды қарқынды түрде тартуды көздеп отыр», — деді Е. Орынбаев.

Вице-премьердің айтуынша, Қазақстан американдық инвесторлардың мүдделері үшін реформаларды жалғастырады, «сенатта инвесторлар үшін рұқсат беру жүйесін оңтайландыруды қарастыратын заң жобасы жатыр».

Сондай-ақ, ол шетелдік инвестицияларды белсенді тарту «Қазақстан үшін ұзақ мерзімді кезеңде орнықты экономикалық дамуының сенімді іргетасы болатынын» жеткізді.

Соңғы жаңалықтар