Қазақстан тонналап алтын өндіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан тонналап алтын өндіреді

Қазақстан тонналап алтын өндіреді

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков бастаған бір топ сенаторлар Сенат Төрағасы Д.Назарбаеваның тапсырмасы бойынша «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының қызметімен танысты.

  • 24 Желтоқсан 2019
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Nege.kz.

Аффинаж зауыты құрылысының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2010-2014 жылдарға арналған Республикалық индустрияландыру картасына енгізілген болатын.

Жоба Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асты. Зауыт технологиясы ТМД аумағында баламасы жоқ әрі жылына 25 тонна алтын мен 50 тонна күміс өндіретін әлемнің озық өндірушілерінен кем түспейтін асыл металдарды басқа металдардың қоспасынан айырудың халықаралық инновациялық әдістемесіне сәйкес әзірленді.

Зауыттың елордада орналасқанын ескере отырып, аффинаж технологиясын таңдау кезінде пайдаланылатын үдерістердің тазалығына мән беру негізгі өлшемдердің бірі болды. Осыған сәйкес, технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықпен үйлестіруде асыл металдарды қоспалардан айырудың электрохимиялық әдісі технологиясы таңдалды және экологиялық қауіпсіздік пен өндірілетін өнімнің сапасы 100 % қамтамасыз етіледі.

Сенаторлар халықаралық ынтымақтастық, өнімді сатып алу және оны қайта сату мәселелеріне қатысты сауал қойды. Компания басшылығы өндірілетін өнімді сатуға байланысты қиындықтар бар екенін алға тартты.


Соңғы жаңалықтар