Қазақстан трансшекаралық өзендер мәселесінде ИЫҰ-ның алаңын пайдалануға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан трансшекаралық өзендер мәселесінде ИЫҰ-ның алаңын пайдалануға ниетті

Қазақстан трансшекаралық өзендер мәселесінде ИЫҰ-ның алаңын пайдалануға ниетті

Бүгін Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымына қатысушы елдердің Су стратегиясын әзірлеу бойынша Консультативті топтың екінші отырысы басталды.

  • 13 Шiлде 2011
  • 644
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда аталған алқалы жиынның мақсаты- Ислам ынтымақтастығы ұйымы мемлекеттерімен су ресурстарын пайдалану болашағы тұжырымдамасына негізделіп отыр.

Басқосу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Толыбаев ауыз су кез-келген мемлекетте стратегиялық маңызды ресурстар болып табылатынын айта келе, уақыт өте келе оның құндылығы арта түсетінін, сондай-ақ қазіргі кезде көптеген ғалымдар ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етумен қатар қойып отырғандығын қадап айтты.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, Су стратегиясын әзірлеу Қазақстан үшін өзекті болып табылады. Атап айтқанда, еліміздегі судың 60 пайызы трансшекаралық өзендерден келеді. «Бұл тұрғыда Ислам ынтымақтастық ұйымына кіретін Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерімен, яғни, біздің оңтүстік көршілерімізбен бұдан ары қарай келіссөздерді жалғастыруда Ислам ынтымақтастық ұйымы алаңын пайдалану өте маңызды»,-деді М. Толыбаев.

Соңғы жаңалықтар