Қазақстан транзитті дамыту саласындағы халықаралық жобаларға белсене қатысады - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан транзитті дамыту саласындағы халықаралық жобаларға белсене қатысады - ҚР Елбасы

Қазақстан транзитті дамыту саласындағы халықаралық жобаларға белсене қатысады - ҚР Елбасы

Қазақстан Еуразиялық мемлекеттердің транзиттік және көлік потенциалын арттыруға және өзара сауда-саттықты дамытуға бағытталған халықаралық жобаларға белсене қатысады. Бұл туралы бүгін, 28-тамызда Алматыда басталған ашық теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттер министрлерінің, дамушы транзиттік және донор елдердің, сондай-ақ, транзитті тасымал саласын дамыту және қаржыландырумен айналысатын ұйымдар өкілдерінің қатысуымен транзиттік тасымал саласындағы ынтымақтастық мәселесіне арналған халықаралық конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елбасы Нұсұлтан Назарбаев хабарлады.

  • 28 Тамыз 2003
  • 668
Фото - Caravan.kz

Қазақстан бүгінде пәрменді әрі тұрақты экономикалық дамуға ден қойған , транзиттік және транспорттық потенциалы зор мемлекет. Елімізде 4 мың шақырымнан астам жолдарды салу және жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2005-жылы аяқталады. Қытаймен екі арадағы келісімге сәйкес, Қазақстанды Қытайдың Ляньюньган айлағымен жалғастыратын темір жол желісі тартылуда. Үш әуежай мен Каспий теңізіндегі Ақтау теңіз айлағын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

Н.Назарбаев осы орайда еліміз БҰҰ-ның бірнеше бағдарламасымен ынтымақтасып отырғанын атап көрсетті. Атап айтсақ, Азиядағы жер үсті көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі АЛТИД, Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған СПЕКА, БҰҰ даму бағдарламасының «Жібек жолы аймағын дамыту» жөніндегі аймақтық бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Елімізді дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарға сәйкес біз БҰҰ-ның іс-шаралары мен бастамаларын арықарай да қолдайтын боламыз деді Н.Назарбаев. «Біз елімізге ғана емес, Еуразиялық қоғамдастық пен жалпы дүниежүзіне пайда әкелетін барлық жобаға атсалысатын боламыз»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар