Қазақстан тумасы гранатаны денесімен жауып қалып, ерлікпен қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан тумасы гранатаны денесімен жауып қалып, ерлікпен қаза тапты

Қазақстан тумасы гранатаны денесімен жауып қалып, ерлікпен қаза тапты

Ресейдің Белгород облысында Қарағанды тумасы сарбазды ерлікпен аман алып қалды. Ол жарылғыш затты өз денесімен жауып қалған.

  • 22 Наурыз 2018
  • 59
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Версия басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

20 наурызда сарбаздар полигонда әскери дайындықпен айналысып жүріп, әскери гранатаны лақтыруды үйренген.

Сарбаздардың бірі гранатаның мұрындығын тартып қалып, сасқаннан жарылғыш затты қолынан түсіріп алған. Осы кезде майор Владимир Чупин жылдам әрекет етіп, сарбазды жарылғыш заттан денесімен қалқалап қалған.

Гранатаның жарылуының салдарынан офицер ауыр жарақат алған. Дәрігерлер майордың өмірі үшін күрескенімен, ол қайтыс болып кетті.

Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, гранатаны құлатып алған сарбаз зардап шекпепті.

Чупин қоластындағылардың қауіпсіздігі үшін алаңдағандықтан, полигонға барған. Ол сарбаздар граната лақтыруды үйренген кезде жандарында болғысы келіпті.

Владимир Чупин 1975 жылы 23 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. Новосибирскідегі әскери училищені тәмамдап, командирлік мамандықтан бөлек, заңгер-құқықтанушы мамандығына да ие болыпты.


Сарбаздың өмірін құтқарып қалған қаһарман марапатқа ұсынылды. Оның артында әйелі мен 2 баласы қалды.

Оқи отырыңыз:

Ресейде сүйіктісіне ренжіген жігіт оны өлтіріп тастап, жүрегін пісірген
Британдықтар Қазақстан халқына мерекелік құттықтауларын жолдады
Петропавлда жатақханадан өрт шықты: 150 адам эвакуацияланды
Соңғы жаңалықтар