Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.
«Жалпы, 2014-2015 жылғы эпидемия маусымында бюджет қаржысына тұмауға қарсы 1,2 млн доза вакцина сатып алынды. Бір доза екпе үшін 728 млн теңге, барлығы 874 млн теңге жұмсалды. 2013 жылы 549 млн теңгеге 789 мың доза екпе алынған болатын», — деді ол жұмадағы брифингте.
«Ақылы кабинеттерде тұмауға қарсы вакцина салдыру бағасы 2200-3000 теңге аралығын құрайды. Екпе бір рет егіледі, ағзаның қорғаныс қабілеті инъекция салынғаннан кейін 14 күннен соң қалыптасады. Тұмауға қарсы иммунитет 6 айдан 12 айға дейін сақталады», — деді ол.
Ж.Бекшиннің айтуынша, елімізде жыл сайын 600 мыңнан 1 миллионға дейін тұмау мен респираторлық сырқат тіркеледі. Эпидемия маусымында халықтың шамамен 3,5-10 пайызы ОРВИ мен тұмау жұқтырады.