Қазақстан тұрақтылықты, демократия мен азаматтар құқығын қорғауды нығайтуға нақты қадамдар жасауы тиіс- ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан тұрақтылықты, демократия мен азаматтар құқығын қорғауды нығайтуға нақты қадамдар жасауы тиіс- ҚР президенті

Қазақстан тұрақтылықты, демократия мен азаматтар құқығын қорғауды нығайтуға нақты қадамдар жасауы тиіс- ҚР президенті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауында Қазақстан қоғамын демократияландырудың басым бағыттарын айқындап берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Наурыз 2004
  • 635
Фото - Caravan.kz

«Дәл қазіргі сәтте біз азаматтық қоғам институттарын дамыту, бір орталыққа бағыныштылықтан бас тарту, партиялық жүйе тұрғысында тұрақты саясат қалыптастыру тәрізді айрақша маңызды үш бағытқа баса мән беруге тиіспіз». «Қоғамдағы тұрақтылықты, демократия мен азаматтар құқығын қорғау шараларын нығайтуға нақты қадамдар жасау қажет «,- деді президент.

Сондай-ақ, Елбасы биыл Қазақстан қоғамын демократияландыру мақсатын көздейтін былтырғы жолдауда айқындалған бес бағытты жұмыстар одан әрі жалғасын табады деп мәлімдеді.
«Жаңа сайлау тетіктерін қолданысқа енгізу, саяси құбылыстарға қатысушы әрбір субьектінің ролі мен маңызын нақты дәйектеу керек», деді Н.Назарбаев. «Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің іс-қызметін реттейтін заңнамалық нормаларды жетілдіру арқылы еліміздегі саяси жүйені одан әрі дамыта түсетін боламыз».
Елбасы сондай-ақ, «қазір қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау туралы жаңа заңдар айрықша белсенді талқыланып жатқанына» назар аударды. «Аталмыш заңдардың атына сыни пікірлер де көптеп айтылуда»,- деді Н.Назарбаев. «Осы орайда естеріңізге сала кетсем, партия мүшелерінің санын 50 мыңға дейін жеткізу туралы түзетулерді қабылдаған кезде де ол туралы партияларды тіркеуге қасақана тосқауыл қоюға бағытталған қадам деген пікір айтылды. Алайда, қазіргі жағдаймен аталмыш бөгеттен қиналмай өткен тоғыз партия тіркеліп отыр. Демек, дәл қазір осы түзетудің демократиялық сипатына шүбә келтіретін жан табылмайтыны анық»,- деді президент. Ол «қазіргі «БАҚ туралы» және «Сайлау туралы» заңдарға қатысты ахуал да осындай кейіпте өрбиді» дегенге сенім білдірді.
Елбасының түсініктемесіне жүгінсек, «жаңа сайлау туралы заң нормалары барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының іс-қызметінің ашықтығы мен кәсіби деңгейін арттыруға бағытталады». «Партиялық фракциялардың парламенттегі және жергілікті сайлау органдарындағы құзірет аясын заң жүзінде айқындауға да назар аударған жөн»,- деді президент. Отандық заңды және жеке тұлғалар тарапынан партиялар мен бейресми ұйымдарды қаржыландыру мәселесіне қатысты құқықтық құжаттар мен шешімдер жобасын жасап қабылдау талабы тұр. «Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету аясы кеңейтіле түсуі тиіс. Сайлау блоктарының жұмысын құқықтық реттеу мәселесінің де өзектілігі артты»,- деді Елбасы.
Сондай-ақ, президенттің пікірінше, «қоғамды одан әрі демократияландыру жөніндегі тұрақты кеңестің әлеуеті де жан-жақты пайдаланылған жоқ». Тұрақты кеңестің міндеттеріне тоқталған Елбасы бұл кеңес «билікке нұсқаулар берумен шектелетін дөңгелек үстел» деңгейінде ғана қалмауға тиіс деп атап көрсетті. «Қоғамды одан әрі демократияландыру жөніндегі тұрақты кеңесте қабылданған шешімдер саяси партиялардың күшімен, парламент пен бейресми ұйымдардағы өкілдер арқылы және нақты әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларға қатысу арқылы жүзеге асырылуы тиіс»,- деді президент.
Н.Назарбаев сондай-ақ, алдағы күзде өтетін парламент мәжілісінің сайлауы «саяси партиялардың кемеліне келгендігін тексеретін өзіндік бір емтиханға» айналады дегенге баса назар аударды. «Сайлаудың ашықтығын, оның бұлтарыссыз заң шеңберінде өткізілуіне жағдай жасау- сіз бен біздің ортақ міндетіміз»,- деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар