Ерболат Досаев жаңа басшының тұлғалық және іскерлік қабілеттеріне тоқталып, оның алдағы қызметі барысына сенімін білдірді.
44 жастағы Ләззат Ибрагимова Ақмола облысының тумасы. Ақмола ауылшаруашылық институтын, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Ләззат Ибрагимова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйел істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссия мүшесі. 2016 жылы “Құрмет” ордені және Еуропалық қайта құру және даму банкінің гендерлік тендік бойынша наградасымен марапатталды.
22 жылдық жұмыс өтілінің басым бөлігін шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мәселелеріне арнаған. Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық университетінің оқытушылығынан бастап “Бәйтерек” Холдингіне кіретін және басқа да ірі даму институттарының басшылығына дейін қызмет атқарды.
Ол 2004-2009 жылдар аралығында “Даму” кәсіпкерлік даму қоры” АҚ құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі, 2009 жылдан бастап “Самұрық-Қазына” АҚ қаржы және даму институтында бас менеджер, одан соң “Даму” кәсіпкерлік даму қоры” АҚ басқарма басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.
Еске сала кетсек, “Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ басқарма төрағасы болған Айбатыр Жұмағұлов 2016 жылдың 29 желтоқсанында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді.