Хатта атап көрсетілгеніндей, «туризм- мекемеаралық сала, экономиканың 32 саласы онымен тығыз сабақтасады, сондықтан, туризмге қатысы бар түрлі мекемелер арасында іс-шаралар үйлесімділігінің жоқтығы Алматыда заманауи қызмет көрсету рыногын дамытуға үлкен кедергі келтіруде».
«Алматы қалалық әкімшілігінің жанынан туризм жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру кеңесін құру — айрықша қажеттіліктер санатына жатады»,- делінген И.Тасмағамбетовқа арналған хатта.
Сонымен бірге қауымдастық «Эйр Астана» әуе компаниясына Алматыдағы халықаралық рейстерді жабу есебінен емес, орталық және батыс облыстардың тұрғындары үшін қолайлы, жаңа рейтер ашу есебінен қолдау көрсетуге әзірлік танытады».
Қазақстанның туристік қауымдастығы мүшелерінің пікірінше, «Алматы халықаралық әуежайына келетін рейстерді алып тастау Қазақстандағы туристік саланы ауқымды шығынға ұшыратқалы отыр. Өйткені, соның кесірінен жолаушылар ағыны күрт кеміп, Алматы қаласының халықаралық сахнадағы мәртебесі мен тартымдылығы төмендейді. Ал бұл «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы» ҚР заңына қайшы. Алматы болса, республикалық маңызы бар қала».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР көлік және коммуникация министрлігінің шешімімен 2005-жылдың 1-қыркүйегінен бастап халықаралық әуе желілері Алматыдан Астанаға ауыстырылады.
Алматыға тікелей рейстер жасайтын әуе компанияларының арасында Lufthansa, KLM, Turkish Airlines, British Airways, China Southern Airlines, Iran Air, Pakistan International сынды ірі компаниялар бар.