Қазақстан Түркияда мұнай өңдеу зауытын салып, жанармай тарату бекеттерінің желісін сатып алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Түркияда мұнай өңдеу зауытын салып, жанармай тарату бекеттерінің желісін сатып алмақшы

Қазақстан Түркияда мұнай өңдеу зауытын салып, жанармай тарату бекеттерінің желісін сатып алмақшы

АСТАНА. 25-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Түркияда мұнай өңдеу зауытын салып, жанармай тарату бекеттерінің желісін сатып алмақшы. Бұл туралы еліміздің туризм және спорт министрінің орынбасары Рашид Мусин бүгін экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2006
  • 380
Фото - Caravan.kz



«Қазақстан Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына бірігу жөніндегі келісімге қол қойғандықтан, біз Түркияда мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндігін талқыладық»,- деді Р.Мусин. «Қазақстан жағы сонымен бірге мұнай өңдеу зауытын салумен ғана шектелмей, мұнай базалары немесе жанармай тарату бекеттерінің желісі сынды активтердлі сатып алу жөнінде де ұсыныс жасап отыр»,- деді ол.

Р.Мусиннің айтуынша, «Түркия жағы бұл ұсынысты қолдап отыр». «Қазақстан мен Түркия арасында ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы келісім-шартына қол қойылады»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта