Қазақстан түрлі салаларда Қытаймен стратегиялық әріптестікті тереңдетуден мүдделі - Қазақстан президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан түрлі салаларда Қытаймен стратегиялық әріптестікті тереңдетуден мүдделі - Қазақстан президенті

Қазақстан түрлі салаларда Қытаймен стратегиялық әріптестікті тереңдетуден мүдделі - Қазақстан президенті

АСТАНА. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан түрлі салаларда Қытаймен стратегиялық әріптестікті тереңдетуден мүдделі және біз Қытай тарапынан да осындай мүдделілікті көріп отырмыз. Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясында саясаттану және ғылыми топтар өкілдерімен кездесуде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Желтоқсан 2006
  • 452
Фото - Caravan.kz

— Біздің бүгінгі кездесуіміз Қазақстан халқының Тәуелсіздіктің 15 жылдығын, ал біздің елдеріміз дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 15 жылдығын атап өтіп отырған күндерде өтіп жатқаны жақсылықтың белгісі. Қазақстан мен Қытай әріптестігін нығайтуда біздің елдеріміздің ғылыми элитасы маңызды роль атқарады. Біз үшін мәдени және ғылыми алмасуларды бұдан әрі қарай да кеңейте түсу маңызды. Біздің елдеріміз қол жеткізген саяси диалог пен стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейі біздің халықтарымыздың игілігі жолындағы екіжақты қарым-қатынастардың болашағына зор сеніммен қарауға мүмкіндік береді деп сенемін, — деді Қазақстан президенті өзінің сөйлеген сөзінде.

— Біз Қазақстан Республикасы қарқынды дамып отырған көпұлтты ел екенін жақсы білеміз. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда саяси тұрақтылық пен қарқынды экономикалық даму байқалып отыр. Қазақ елі күн сайын күш алып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияда ғана емес, сондай-ақ бүкіл дүниежүзінде де жоғары беделге ие. Қазақстан өз алдына әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену жөнінде жаңа мақсат қойып отыр. Сіздердің үкіметтеріңіз индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруда. Біз алдағы он жылдың ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелерін көретін боламыз және Қазақстан өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өсіп-өркендеуді қамтамасыз етудің мықты тірегіне айналады деп сенеміз. Біз Қазақстанның халықаралық аренада өз қызметін жандандыра түскенін және Орталық Азияда тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуде әрі жаңа халықаралық саяси және экономикалық тәртіп қалыптастыруда маңызды роль атқаратынын көріп қуанамыз, — деді ҚХР Қоғамдық ғылымдар академиясының президенті Чэнь Куйюань кездесуді аша отырып.

Кездесу аяқталған соң Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан туралы сурет көрмесіне тамашалап, Академияда қытай тілінде жарық көрген «Еуразия жүрегінде» және «Тарих толқынында» кітаптарының тұсаукесер рәсімін өткізді.

Мемлекет басшысы Қытайда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүрген Қазақстанның бір топ студенттерімен кездесу өткізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта