Қазақстан ҮИИД бағдарламасы аясында 2011 жылы Т1,5 трлн көлемінде инвестиция игереді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ҮИИД бағдарламасы аясында 2011 жылы Т1,5 трлн көлемінде инвестиция игереді

Қазақстан ҮИИД бағдарламасы аясында 2011 жылы Т1,5 трлн көлемінде инвестиция игереді

Қазақстан үдемелі индустриалды-инновациялық даму (ҮИИД) бағдарламасы аясында 2011 жылы Т1,5 трлн көлемінде инвестиция игереді.

  • 4 Шiлде 2011
  • 506
Фото - Caravan.kz

«2011жылы индустрияландыру картасының барлық жобалары бойынша 1,5 трлн теңге инвестиция игеріледі», — делінген жалпыұлттық телекөпір барысында таратылған материалда.

Телекөпір шеңберінде Қазақстан президенті онлайн режимде индустриаландыру картасының жобаларымен танысып, бірқатарын іске қосады.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі жылы индустрияландыру картасы жаңартылып, оған қазір Т8,3 трлн соманың 469 жобасы кіреді.

2011 жылдың бірінші жартысында Т114 млрд соманың 75 инвестициялық жобасы іске қосылды.

Екінші жарты жылдықта Т600 млрд соманың 130 жобасын іске қосу жоспарланған.

Еске сала кетейік, өткен жылы 152 инвестициялық жоба жүзеге асырылса, биыл 20 мың тұрақты жұмыс орнын құратын Т731 млрд соманың 204 жобасы іске асады.