Қазақстан үкімет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының бірінші вице-президентімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының бірінші вице-президентімен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының бірінші вице-президентімен кездесті

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ауғанстан Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Ахмад Зия Масудпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Қазан 2008
  • 489
Фото - Caravan.kz

Келіссөздер барысында әңгімелесушілер саяси да, сауда-экономикалық та салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың қарқыны үнемі өсіп келе жатқанын атап өтті.

К. Мәсімов «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының отырысына Ауғанстанның қатысуы біздің елдер арасындағы екі жақты байланыстарды нығайтуға ықпат етеді», деп атап өтті.

Кездесудің соңында әңгімелесушілер қазақстан-ауғанстан қарым-қатынастарының одан әрі дамытудың айтарлықтай әлеуеті барына тоқталды және Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізілуі келешектегі өңірлік және халықаралық деңгейдегі өзара тиімді әріптестікке жол ашатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар