Қазақстан үкімет басшысы білім беру және құрылыс саласының кейбір шенеуніктерін қызметтен босату туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы білім беру және құрылыс саласының кейбір шенеуніктерін қызметтен босату туралы шешім қабылдады

Қазақстан үкімет басшысы білім беру және құрылыс саласының кейбір шенеуніктерін қызметтен босату туралы шешім қабылдады

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов білім беру және құрылыс саласының кейбір шенеуніктерін "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасын сапасыз жүзеге асырғаны үшін қызметтен босату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Желтоқсан 2008
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Мен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы Айдархан Шадировты, Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тоқтар Усобалаевты, Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық білім басқармасының бастығы Аллаберген Ахметовты қызметінен босатуға шешім қабылдадым», -деді Кәрім Мәсімов.

«Сондай-ақ, білім министрі әкімдіктерге кейбір мектеп директорларын қызметтен босату туралы таныстыру енгізеді», — деді ол.

Сонымен бірге, премьер-министр Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Сәбит Қожахметовқа, Тараз қаласының әкімі Ілияс Тортаевқа, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданыың әкімі Омарбек Нұржановқа, Көкшетау қаласының әкімі Бақыт Сапаровқа, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының бастығы К. Дүйсембиевке, Павлодар облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының бастығы Саян Каменовқа, Қызылорда облыстық білім беру басқармасының бастығы Мейрамбек Шырмағамбековқа, Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының бастығы Қонакбек Жұмашевқа және Павлодар облыстық білім беру басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айгүл Мордановаға қатаң сөгіс жариялады.

«Білім министрі тағы да кейбір мектеп директорларына қатысты таныстыру енгізеді, оларға да қатаң сөгіс жарияланады. Осы шешімдердің барлығы бүгін хаттамамен рәсімделсін. Үкімет басшысының кеңсесі оны қадағалайтын болсын», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар