Қазақстан үкімет басшысы білім және ғылым министріне саланы реформалау жоспарын үкіметке енгізуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы білім және ғылым министріне саланы реформалау жоспарын үкіметке енгізуді тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы білім және ғылым министріне саланы реформалау жоспарын үкіметке енгізуді тапсырды

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Қазақстан үкімет басшысы білім және ғылым министріне саланы реформалау жоспарын үкіметке енгізуді тапсырды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Желтоқсан 2008
  • 623
Фото - Caravan.kz

«Білім және ғылым министрлігіне білім және ғылым саласын реформалау жоспарын желтоқсан айының екінші немесе үшінші онкүндігінде енгізуді тапсырамын. 9 желтоқсанға дейін дайын болсаңыз, сол күні әкеліңіз», -деді Кәрім Мәсімов Жансейіт Түймебаевқа.

Сонымен бірге премьер-министр облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп кедей отбасыларының балаларын қолдау құралдарының көлемін ұлғайту жөніндегі ұсыныстарды бір айда жасап шығаруды тапсырды. «Алдын-ала қолдау көлемін 3 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар, қазіргі жағдайда бұл аса маңызды қадам болар еді, осыны дәйектеуге бір ай уақыт беремін», — деді ол.

Сонымен бірге, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне өңірлер мен индустриялық бағдарламаның сұранысына сәйкес кәсіби білікті жергілікті мамандарды дайындауға берілетін мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайтуға шара қолдану тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар