Қазақстан үкімет басшысы бірқатар компаниялардың жетекшілерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы бірқатар компаниялардың жетекшілерімен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы бірқатар компаниялардың жетекшілерімен кездесті

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім бүгін Мәсімов "ИСТ" компаниясы тобының вице-президенті Николай Добриновпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Қазан 2008
  • 378
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында жүк вагондарына арналған жаңа буынды теміржол тіркемелерін шығаруға қатысты құю цехы зауытының құрылыс жобасы туралы мәселе талқыланды.

Премьер-министр ресейлік компанияның инвестициялық ұсынысын мақұлдап, жобаны дереу іске асыру үшін ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.

Сондай-ақ, бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Мечел» ААҚ бас директоры Игорь Зюзинмен кездесті.

Кездесуде компанияның тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі саласындағы инвестициялық қызметінің болашағы талқыланды.

И.Зюзин премьер-министрді «Мечел» компаниясының Ақтөбе облысының аумағында ферроқорытпа зауытының құрылысы және хром кен орнын игеру жөніндегі жоспарларымен таныстырды.

К.Мәсімов ресейлік компанияның бастамасын мақұлдай отырып, Қазақстанның инветорлармен қарым- қатынасқа дайын екенін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар