Caravan Logo

Қазақстан үкімет басшысы бірқатар компаниялардың жетекшілерімен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы бірқатар компаниялардың жетекшілерімен кездесті

Кездесу барысында жүк вагондарына арналған жаңа буынды теміржол тіркемелерін шығаруға қатысты құю цехы зауытының құрылыс жобасы туралы мәселе талқыланды.

Премьер-министр ресейлік компанияның инвестициялық ұсынысын мақұлдап, жобаны дереу іске асыру үшін ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.

Сондай-ақ, бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Мечел" ААҚ бас директоры Игорь Зюзинмен кездесті.

Кездесуде компанияның тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі саласындағы инвестициялық қызметінің болашағы талқыланды.

И.Зюзин премьер-министрді "Мечел" компаниясының Ақтөбе облысының аумағында ферроқорытпа зауытының құрылысы және хром кен орнын игеру жөніндегі жоспарларымен таныстырды.

К.Мәсімов ресейлік компанияның бастамасын мақұлдай отырып, Қазақстанның инветорлармен қарым- қатынасқа дайын екенін білдірді.