«Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұзақ мерзімді перспективада тиісті заңнамалық базаға арқа сүйеуге тіис. Тұрақтандыру қорларын құру және оларды қалыптастыру механизмдерін, оларды пайдалану және тауар интервенциясын жүргізу бойынша мемлекеттік органдардың құзыретін, тұрақтандыру қорлары мен астық нарығын бақылау механизмдерін нақты айқындап алу қажет «, — деді Кәрім Мәсімов.
Үкімет басшысы биыл агроөнеркәсіптке кешенді дамытуға 134,4 млрд теңге (былтырғыдан 73% артық қаражат) жұмсалғанын айтты. «Астана мен Алматының төңірегінде азық-түлік белдеуін құру жұмыстары жүргізілуде. Астық, ет, құрғақ сүт, өсімдік майы, қант пен күріш секілді бірінші қажеттіліктегі тауарлар бойынша тұрақтандыру қорлары құрылды. Отандық тауар өндірушілер астық дақылдарының ұлттық тұтынымын 8 есе, ет өнімдерін 114%, сүт және сүт өнімдерін 125% қамтамасыз ете алады деп АШМ есептеп отыр», -деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті