Қазақстан үкімет басшысы Ішкі істер министріне жол полициясындағы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы Ішкі істер министріне жол полициясындағы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы Ішкі істер министріне жол полициясындағы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырды

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов еліміздің Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановқа жол полициясындағы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырды. Бүгін өткен үкіметтің отырысында осындай тапсырма берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Тамыз 2008
  • 367
Фото - Caravan.kz

«Біз үкіметтің отырысында жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты мәселені қарағалы бір айдан асты. Бұл бағытта белгілі бір оң ағымдар бар, жұмыс жақсарып келеді, бірақ, сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты мәселенің әлі де «ақсап жатқанына» сіздің назарыңызды аударғым келеді», — деді ол.

Үкімет басшысының пайымдауынша, бұл «жол полициясы қызметкерлерінің қатарында сыбайлас жемқорлықтың бар екендігіне байланысты».

«Сол себепті мен сізге жол полициясы қызметкерлерінің арасында парақорлықтың тамырына балта шабу үшін ықпалды шаралар қолдануды тапсырамын», — деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар