Қазақстан үкімет басшысы кедендік процедураларды жеңілдетуді қарастыратын заң жобасын үкіметтің бекітуіне ұсынуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы кедендік процедураларды жеңілдетуді қарастыратын заң жобасын үкіметтің бекітуіне ұсынуды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы кедендік процедураларды жеңілдетуді қарастыратын заң жобасын үкіметтің бекітуіне ұсынуды тапсырды

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет Кәрім Мәсімов басшысы кедендік процедураларды жеңілдетуді қарастыратын заң жобасын үкіметтің бекітуіне ұсынуды тапсырды. Ол бүгін өткен үкіметтің отырысында осыны міндеттеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Қыркүйек 2008
  • 315
Фото - Caravan.kz

«Мен үкіметтің келесі отырысына кедендік процедураларды өзгерту жөніндегі заң жобасын енгізуді тапсырамын. Ол сыртқы экономикалық алыс-берісті жүргізуді біршама жеңілдетіп, біздің Әлемдік банктің Doing Business рейтингіндегі орнымызды лайықты көрсетуге көмектеседі», -деді Кәрім Мәсімов.

«Әлемдік банк кезекті Doing Business есебін жария етті. Біз кейінгі бірнеше айда бірқатар маңызды және принциптік шешімдер қабылдадық, ол Қазақстанның осы есептегі рейтингін жақсартуға әсерін тигізді. Бірақ бұл жеткіліксіз, әлі де ілгерілей түсу қажет», — деді премьер.

ЮСАИД-тың бизнес-ортаны жақсарту жөніндегі директоры Сергей Пизиковтың үкімет отырысында мәлім еткеніндей, бизнес жүргізудегі жеңілдік бойынша 10 қыркүйекте жария етілген Әлемдік банктің рейтингінде Қазақстан әлемнің есепте көрсетілген 180 елінің ішінде 70-ші орында, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 25 елінің ішінде 12-ші орында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар