Жарияланды: 590

Қазақстан үкімет басшысы мен Иран СІМ екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың келешегі туралы пікір алмасты

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов өткен жұмада Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Манучехр Моттакимен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың келешегі туралы пікір алмасты. Тараптар екі ел арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды ынталандыруға және екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ерекше маңыз берді. М. Моттаки Иран жағының бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүддесі барын жеткізді. Оның пікірінше, "бірлескен ірі жобаларды іске асыру екі елдің қарым-қатынасын дамытуға жақсы серпін береді". Тараптар қазақстан-иран ынтымақтастығын жандандыру, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимылды нығайту қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін