Қазақстан үкімет басшысы мен Иран СІМ екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың келешегі туралы пікір алмасты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы мен Иран СІМ екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың келешегі туралы пікір алмасты

Қазақстан үкімет басшысы мен Иран СІМ екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың келешегі туралы пікір алмасты

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов өткен жұмада Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Манучехр Моттакимен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қазан 2008
  • 575
Фото - Caravan.kz

Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың келешегі туралы пікір алмасты.

Тараптар екі ел арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды ынталандыруға және екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ерекше маңыз берді.

М. Моттаки Иран жағының бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүддесі барын жеткізді. Оның пікірінше, «бірлескен ірі жобаларды іске асыру екі елдің қарым-қатынасын дамытуға жақсы серпін береді».

Тараптар қазақстан-иран ынтымақтастығын жандандыру, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимылды нығайту қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар