Жарияланды: 470

Қазақстан үкімет басшысы мен Қытай елшісі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының кездесуін өткізу және оған дайындық барысын талқылады

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы мен Қытай елшісі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының кездесуін өткізу және оған дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чен Гопинмен кездесті. Тараптар кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Әңгіме кезінде экономиканың әр түрлі секторындағы әріптестікті дамытудың келешегі туралы пікір алмасылды. К. Мәсімов екі жақты ынтымақтастық көрсеткішінің оң өсу қарқынын және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетін атап өтті. Өз кезегінде, елші Қытайдың Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Бұдан басқа, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының кездесуі қарсаңында, Ч. Гопин мен К. Мәсімов саммитті өткізу және оған дайындық жүргізуге байланысты мәселелерді талқылады және бұл оқиға екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және тереңдете түсуге қуатты серпіліс беретініне сенім білдірді. Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Қытайдың өзара тиімді мүддесі тұрғысынан көршілес әріптестік негізінде тығыз ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен нығайтуды атап өтті. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін