Қазақстан үкімет басшысы мен Тәжікстан президенті екі жақты қарым-қатынастарды кеңейту перспективасын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы мен Тәжікстан президенті екі жақты қарым-қатынастарды кеңейту перспективасын талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен Тәжікстан президенті екі жақты қарым-қатынастарды кеңейту перспективасын талқылады

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

  • 13 Мамыр 2008
  • 401
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды кеңейту перспективасын талқылады, деп хабарлайды агенттік үкіметтің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, гидроэнергетика, тау рудасы өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қозғалды.

Премьер-Министр К. Мәсімов Қазақстан үкіметінің Тәжікстан Республикасымен ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін қажетті жағдай жасауға әзір екенін жеткізді.

Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасында қол жеткізілген өзара түсіністік деңгейі саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың одан әрі кеңеюіне ықпал ететініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті