Қазақстан үкімет басшысы мен Үндістанның энергетика министрі химиялық тыңайтқыштар зауытының құрылысы жөнінде бірлескен жобаны іске асыру мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы мен Үндістанның энергетика министрі химиялық тыңайтқыштар зауытының құрылысы жөнінде бірлескен жобаны іске асыру мәселесін талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен Үндістанның энергетика министрі химиялық тыңайтқыштар зауытының құрылысы жөнінде бірлескен жобаны іске асыру мәселесін талқылады

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Үндістанның энергетика министрі Сушилкумар Шиндемен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қазан 2008
  • 611
Фото - Caravan.kz

Әңгімелесушілер энергетикалық және экономиканың өзге салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың келешегін, атап айтқанда, химиялық тыңайтқыштар зауытының құрылысы жөнінде бірлескен жобаны іске асыру мәселесін талқылады.

Тараптар бүгінгі күні Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жетісті дамытуға мүмкіндік беретін екі жақты тығыз қарым-қатынастар орнағанын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар келешекте де сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және нығайту, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында екі елдің кұш-жігерін үйлестіру қажеттігі туралы пікірге тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар