Жарияланды: 390

Қазақстан үкімет басшысы Пәкістан халқына адамдардың қазасына алып келген жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысы кезінде Пәкістан халқына адамдардың қазасына алып келген жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның алдында РФ үкімет басшысы Владимир Путин Пәкістан халқына зілзалаға байланысты көңіл айтқан болатын. Еске сала кетейік, сәрсенбі күні таңертең Пәкістанда магнитудасы 6,4 балл жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің ошағы Кветта қаласынан солтүстікке қарай 70 шақырым жерде (Исламабадтан оңтүстік-батысқа қарай 700 шақырым жерде) болған. Кешікпей осы маңда магнитудасы 6,2 балл қуатты жер асты дүмпулері қайталанды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін