Қазақстан үкімет басшысы қаржы министріне еліміздегі жүйе құрушы төрт банкпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы қаржы министріне еліміздегі жүйе құрушы төрт банкпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы қаржы министріне еліміздегі жүйе құрушы төрт банкпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды тапсырды

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішевке еліміздегі жүйе құрушы төрт банкпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды тапсырды. Ол бүгін өткен үкіметтің отырысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қараша 2008
  • 396
Фото - Caravan.kz

«Біз мемлекеттің еліміздегі ең ірі төрт банктің жарғылық капиталына қатысуы жайлы жан-жақты талқыладық, сол себепті қаржы министріне үкіметтің атынан осы құжаттарға қол қоюды ұсынамын «, -деді Кәрім Мәсімов.

«Самұрық-Қазына» қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, «Қазкоммерцбанк», «Халық банкі», «Альянс банк» және «ТұранӘлемБанкімен» келіссөздер жүргізіліп, осы 4 банктің менеджментімен тиісті уағадаластыққа қол жеткізілді, өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы дайындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар