Қазақстан үкімет басшысы қаржы министріне еліміздегі жүйе құрушы төрт банкпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды тапсырды

"Біз мемлекеттің еліміздегі ең ірі төрт банктің жарғылық капиталына қатысуы жайлы жан-жақты талқыладық, сол себепті қаржы министріне үкіметтің атынан осы құжаттарға қол қоюды ұсынамын ", -деді Кәрім Мәсімов.

"Самұрық-Қазына" қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, "Қазкоммерцбанк", "Халық банкі", "Альянс банк" және "ТұранӘлемБанкімен" келіссөздер жүргізіліп, осы 4 банктің менеджментімен тиісті уағадаластыққа қол жеткізілді, өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы дайындалған.