Қазақстан үкімет басшысы қаржы министріне еліміздегі жүйе құрушы төрт банкпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды тапсырды (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы қаржы министріне еліміздегі жүйе құрушы төрт банкпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды тапсырды (толық нұсқасы)

Қазақстан үкімет басшысы қаржы министріне еліміздегі жүйе құрушы төрт банкпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды тапсырды (толық нұсқасы)

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішевке еліміздегі жүйе құрушы төрт банкпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды тапсырды. Ол бүгін өткен үкіметтің отырысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қараша 2008
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Біз мемлекеттің еліміздегі ең ірі төрт банктің жарғылық капиталына қатысуы жайлы жан-жақты талқыладық, сол себепті қаржы министріне үкіметтің атынан осы құжаттарға қол қоюды ұсынамын «, -деді Кәрім Мәсімов.

«Самұрық-Қазына» қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, «Қазкоммерцбанк», «Халық банкі», «Альянс банк» және «ТұранӘлемБанкімен» келіссөздер жүргізіліп, осы 4 банктің менеджментімен тиісті уағадаластыққа қол жеткізілді, өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы дайындалған.

Банктермен келіссөздердің негізгі шарты мынадай: қарапайым және артықшылықты акцияларды сатып алу және субординарлық несиелерді ұсыну арқылы капиталды қаржыландыру көлемі анықталды. Оған сәйкес мемлекет тарапынан банктердің капиталын арттыру көлемі «Халық банкі» бойынша — 500 млн доллар, «Альянс банк» бойынша — 370 млн доллар, «Қазкоммерцбанк» бойынша — 300 млн доллар, ал «ТұранӘлемБанкі» бойынша — 2,3 млрд доллар қаржыны құрайды.

Сатып алынатын акциялардың құны 24 қарашадағы олардың нарықтық құны бойынша анықталады. «Халық банкі», «Қазкоммерцбанк», «ТұранӘлемБанкі» бойынша Лондон қор биржасындағы котирвкамен, ал «Альянс банк» бойынша Қазақстан қор биржасындағы котировкамен сатып алынады.

Ғаламдық депозиттерді ұстаушы қазіргі акционерлерге банктер шығаратын қарапайым акцияларды конвертациялауға құқық беріледі. Бұл ретте ірі акционерлермен жаңа эмиссиядағы акцияларын сатып алу құқықтарын жүзеге асырудан «Самұрық-Қазына» қорының пайдасына бас тарту туралы уағадаластыққа қол жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар