Қазақстан үкіметі 2016 жылдың ІЖӨ қатысты болжамын өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі 2016 жылдың ІЖӨ қатысты болжамын өзгертті

Қазақстан үкіметі 2016 жылдың ІЖӨ қатысты болжамын өзгертті

 Үкімет 2016 жылдың ІЖӨ-не қатысты болжамын 2,1% дейін төмендетті.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 909
Фото - Caravan.kz


  Парламент қарауына түскен 2016-2018 жылғы республикалық бюджет жобасында: «Салалар бойынша жасалған болжамды ескерсек, 2016 жылы нақты ІЖӨ өсімі 2,1%; 2017 жылы 3,6%; 2018 жылы – 2,9% құрауы тиіс», — делінген.
Бұған дейін үкіметтің ІЖӨ қатысты болжамы мынадай болатын: 2016 жылы – 2,2%, 2017 жылы – 3,3%, 2018 жылы – 3,6%, 2019 жылы – 4,1%.
Сонымен қатар, үкімет болжамынша 2015 жылы ІЖӨ нақты өсімі 1,5 пайызды құрайды.
ІЖӨ-нің номинальді көлемі 2015 жылы 40,719 трлн теңге; 2016 жылы – 44,005 трлн теңге; 2017 жылы – 48,296 трлн теңге; 2018 жылы – 52,898 трлн теңге.
Үкімет болжамына сүйенсек, 2015 жылы өнеркәсіп өндірісі көлемі 0,3% төмендейді; 2016 жылы өсім жоқ, ал, 2017 жылы 3,4%, 2018 жылы — 1,7% артпақ.
Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру саласындағы көрсеткіштер 2015 жылы 0,4%, 2016 жылы 1,3% төмендесе, 2017 жылы 3,4%, 2018 жылы 2,4% өсуі тиіс.
2015 жылы сауда-саттық 2,8%; 2016 жылы — 3,1%; 2017 жылы – 5,8%; 2018 жылы – 4,8% артады, делінген бюджет жобасында.

Соңғы жаңалықтар