Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің берешегін кешірмейді - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің берешегін кешірмейді - үкімет басшысы

Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің берешегін кешірмейді - үкімет басшысы

Қазақстан үкіметі "ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің берешегін кешірмейді". Бұл туралы бүгін, 19-қарашада ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қараша 2004
  • 423
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының пікірінше, «қарызды кешіру — масылдыққа машықтандыратын жол». «Мұндай теріс жолды бұған дейін таңдап көрдік, енді оған бара алмаймыз»,- деді үкімет басшысы. «Қарызды тікелей кешіре салу мемлекеттік бюджеттің алдында жауапкершілік жүктемейді»,- деді ол.

«Ауылшаруашылығы саласында еңбек өнімділігінің өсіміне қол жеткізу қажет»,- деді үкімет басшысы. Оның пайымдауынша, «асыл тұқымды мал шаруашылығы мен элиталық тұқым шаруашылығының дамуына түрткі болу қажет». Мәселен, оның пікірінше, «2006-2009-жылдарда ауылды өндірістендіру бағдарламасының жобасы жасалуы тиіс. Ол мал шарашылығы мен егін шаруашылығының тиімділігін арттыруға бағытталған жекелеген бөліктерден тұратын болады». «Асыл тұқымды мал мен элиталық тұқымның тиімділігін арттыруға талпыну қажет».
Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінде ауылшарашылығы саласының бюджет алдындағы салық берешегі мен ауылшаруашылығын қолдау қорына қайтармаған несие түріндегі жалпы қарызы 4,4 млрд. теңгені құрайды.

Перейти к новостям спорта