Қазақстан үкіметі БАҚ қызметін реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі БАҚ қызметін реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады (толық нұсқасы)

Қазақстан үкіметі БАҚ қызметін реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады (толық нұсқасы)

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі бүгін өткен отырыста "БАҚ мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қараша 2008
  • 914
Фото - Caravan.kz

«Жасалған заң жобасы журналистердің құқығы мен кәсіби мүддесін қорғауға бағытталған», — деді еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

«Заң жобасында «БАҚ туралы» заңның 213-бабының 4.1 тармақшасын алып тастау ұсынылған, бұл журналистердің сұхбат алған кезде аудио- немесе бейнежазба жасауға рұқсат алу міндетін жоюға бағытталған», -деді ол.

«Қазір біз үкіметтің отырысында отырмыз, сол себепті журналистерде біздің әрқайсымызға келіп түсірілім жасауға рұқсат алуға мүмкіндігі жоқ. Сіз бен біз жариялы саясаткерлер болғандықтан, мұндай түзетудің қажет екендігін түсінуге тиіспіз, бұл журналистің ақпарат алу жұмысын мейлінше жеңілдете түседі», -деді министр.

Сонымен бірге, оның айтуынша, заң жобасымен «БАҚ туралы» заңның 19- бабына және Азаматтық кодекстің 143-бабына «сотта ақпаратты жоққа шығару туралы істі қарауда шағымданушы мен жауапкердің позициясын теңестіру» мақсатындағы түзету енгізіледі.

«Қазіргі бар баптардың редакциясына сәйкес, журналист көрінеу айыпкердің позициясында өзі пайдаланған мәліметтердің шындыққа нақты сай келетіндігін дәлелдеп шығуға тиіс», — деді М. Құл-Мұхаммед.

«Қолданыстағы заңнамаға жемқорлыққа жол беру мүмкіндігіне қатысты талдау барысында екіұдай түсіндіруге мүмкіндік беретін бірқатар нормалар анықталды, осыған байланысты аталған заң жобасымен осындай факторды жою үшін редакциялық түзетулер енгізілді», -деді мекеме басшысы.

«»БАҚ туралы» заңның 18-бабының 3-тармағы бойынша журналистер өздері сұраған мәліметті беруден мемлекеттік орган мен лауазымды тұлға тарапынан бас тартылған жағдайда алдымен одан гөрі жоғары лауазымды тұлғаға, сосын ғана сотқа шағымдана алады. Айталық, журналист министрден мәлімет сұрасын делік, егер ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жауап бермесе, алдымен оның әрекетіне қатысты вице-премьерге немесе премьер-министрге шағымдану керек», -деді М. Құл-Мұхаммед.

Ал енгізілетін түзетулерге сәйкес, сұралған ақпаратты уақытылы ала алмаған жағдайда журналист немесе БАҚ бірден сот органына шағымдана алады.

«»БАҚ туралы» заңның 10-бабының 6-тармағына енгізілген түзетуде газеттер мен ақпараттық агенттіктердің редакциясының мекен-жайы мен редакторы ауысқан жағдайда қайта тіркеуден өтуді алуды қарастырады», -деді министр.

Оның хабарлауынша, сонымен қатар, заң жобасында телерадиохабарларын таратушы ұйымдарды есепке алуды алып тастау көзделген. «Қазір теле- және радиоарналардың қожайындары «Лизенция беру туралы» заңға сәйкес лицензия алумен бірге «БАҚ туралы» заң бойынша тіркелу процедурасынан өтуі қажет», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар