Қазақстан үкіметі еліміздің басты экспорттық тауарлары мұнай мен металл бағасы әлемдік деңгейде төмендейді деп болжайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі еліміздің басты экспорттық тауарлары мұнай мен металл бағасы әлемдік деңгейде төмендейді деп болжайды

Қазақстан үкіметі еліміздің басты экспорттық тауарлары мұнай мен металл бағасы әлемдік деңгейде төмендейді деп болжайды

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі еліміздің басты экспорттық тауарлары мұнай мен металл бағасы әлемдік деңгейде төмендейді деп болжайды. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Тамыз 2008
  • 808
Фото - Caravan.kz

«Дамыған елдерде экономикалық өсім біршама төмендейді, немесе батыс нарығында рецессия болады деп күтіп отырмыз», -деді үкімет басшысы.

«Пекин олимпиадасынан кейін дамушы нарықтарда экономикалық өсім баяулайды. Соған байланысты Қазақстанның басты эспорттық өнімдері — мұнай мен негізгі металл түрлерінің бағасы төмендемек. Мұнай мен металл бағасы төмендегенде дң біршама құлдырайды», — деді премьер.

«Біз мемлекеттің мойнындағы міндеттемелерді тек өз күшімізге ғана сүйене отырып орындауға тиіспіз», — деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар