Жарияланды: 360

Қазақстан Үкіметі Франциямен сауда-экономикалық байланыстарын одан әрі дамытуға ниетті

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан-Шарль Бертонэні қабылдады.

Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кездесу барысында Ж-Ш. Бертонэ елімізді Астананың «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына ие болуымен құттықтады. Өз кезегінде, С.Ахметов Қазақстан елордасын қолдағаны үшін Франция еліне алғысын білдірді. «Қазақстан таңдап алған көрме тақырыбы - «Болашақ энергиясы» - әлемдік қауымдастық үшін өте маңызды. Тәжірибесі мен технологиялық жетістіктері арқылы Франция көрмеде өзін биік деңгейде көрсетеді деп сенемін», - деді С.Ахметов. Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. «Қазақстан Үкіметі Франциямен сауда-экономикалық байланыстарын одан әрі дамыта беруге ниетті. Біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз сапалық жаңа деңгейге көтеріліп, Қазақстан-Француз ынтымақтастығының одан әрі тереңдей түсуіне серпіліс алады деп үміттенеміз», - деп атап өтті С.Ахметов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін