Қазақстан Үкіметі Франциямен сауда-экономикалық байланыстарын одан әрі дамытуға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Үкіметі Франциямен сауда-экономикалық байланыстарын одан әрі дамытуға ниетті

Қазақстан Үкіметі Франциямен сауда-экономикалық байланыстарын одан әрі дамытуға ниетті

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан-Шарль Бертонэні қабылдады.

  • 14 Желтоқсан 2012
  • 350
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кездесу барысында Ж-Ш. Бертонэ елімізді Астананың «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына ие болуымен құттықтады.

Өз кезегінде, С.Ахметов Қазақстан елордасын қолдағаны үшін Франция еліне алғысын білдірді. «Қазақстан таңдап алған көрме тақырыбы — «Болашақ энергиясы» — әлемдік қауымдастық үшін өте маңызды. Тәжірибесі мен технологиялық жетістіктері арқылы Франция көрмеде өзін биік деңгейде көрсетеді деп сенемін», — деді С.Ахметов.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

«Қазақстан Үкіметі Франциямен сауда-экономикалық байланыстарын одан әрі дамыта беруге ниетті. Біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз сапалық жаңа деңгейге көтеріліп, Қазақстан-Француз ынтымақтастығының одан әрі тереңдей түсуіне серпіліс алады деп үміттенеміз», — деп атап өтті С.Ахметов.