К.Мәсімов қазір оның басқаруымен үкіметте жұмыс істеп жатқанын, ол «әкімшілік реформалар бағдарламасы бойынша ұсыныстар дайындайтынын және онда мемлекеттік органдардағы корпоративтік басқару мәселелеріне баса назар аударылатынын» еске салды.
Өз кезегінде «Атамекен» одағы басқармаларының төрағасы Азат Перуашев «елімізде қазір акционерлерді күн өткен сайын қитұрқыланып бара жатқан рейдерліктен қорғау проблемасы туындағанын» атап өтті. Ол «корпорациялар менеджерлердің өздеріне сеніп тапсырылған активтермен төтенше еркін қатынасуынан зардап шегіп отырғанын, мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды енгізу мәселесінің өзектілігі артқанын» атап өтті. «Біз корпоративтік басқарудың бастапқы даму кезеңінде тұрмыз, бірақ бұл айрықша көкейкесті мәселе, сол себепті оны дәл қазір қарқынмен қолға алу қажет», деді А.Перуашев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті