Қазақстан үкіметі мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын заңды түрде шектемек - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын заңды түрде шектемек

Қазақстан үкіметі мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын заңды түрде шектемек

Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі " Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі.

  • 22 Қыркүйек 2014
  • 399
Фото - Caravan.kz

"Мемлекет тікелей не жанама түрде кәсіпкерлік қызметке қатысып отыр. Қазақстандық бизнес қолайсыз жағдайда, өйткені мемлекеттік компаниялар экономиканың көптеген салаларында бәсекелестік қысым көрсетеді. Бұл іскерлік климаттың нашарлауына, бизнесті дамыту саласында әлуетті шектеуге, соның салдарынан елден капиталдың әкетілуіне әсерін тигізеді", деді ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов дүйсенбіде мәжілісте депутатттарға құжатты ұсынған кезде.

Ол атап өткендей, квазимемлекеттік секторда да түбегейлі өзгерістер керек.