Қазақстан үкіметі мен Әлемдік банк таяу уақыттарда жаңа ынтымақтастық стратегиясының жобасын жасауға кіріседі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі мен Әлемдік банк таяу уақыттарда жаңа ынтымақтастық стратегиясының жобасын жасауға кіріседі

Қазақстан үкіметі мен Әлемдік банк таяу уақыттарда жаңа ынтымақтастық стратегиясының жобасын жасауға кіріседі

Қазақстан үкіметі мен Әлемдік банк таяу уақыттарда жаңа ынтымақтастық стратегиясының жобасын жасауға кіріседі. Бұл туралы бүгін, 11-қарашада Алматыда Әлемдік банктің Орталық Азия аймақтық өкілдігінің директоры Деннис де Трэй хабарлады.

  • 11 Қараша 2003
  • 456
Фото - Caravan.kz

Д.Трэйдің айтуынша, жаңа ынтымақтастық тетігі ендігі жерде бұрынғыдай елге жалпы көмек беру стратегиясынан гөрі мейлінше икемді саясат ұстануға саяды. Бұл туралы Әлемдік банк өкілдері еліміздің билік иелерімен жан-жақты талқыға салмақшы.

Ол сондай-ақ, жаңа бағдарламаның атауы әріптестік туралы келісім деп аталады деп мәлімдеді. «Біз Қазақстан секілді елді не әріптес ретінде тануымыз керек, ал олай болмаған күнде мүлдем жұмысты доғару дұрыс «,- деді аймақтық өкілдік директоры.
Д.Трэйдің айтуынша, әріптестік туралы келісім алдағы 3-5 жылды қамтиды, бірақ оның нақты ақырғы мерзімін атап көрсету мүмкін емес. Ол осы орайда аталмыш құжатта нақты инвестициялық операциялар мен талдамалық зерттеулер емес,
жалпы ынтымақтастық концепциясы айқындалатынын атап көрсетті.
Келісім шеңберіндегі бағдарламалардың көлемі мен құнын жыл сайын Әлемдік банкпен ақылдасу арқылы үкімет нақтылайды.
«Бағдарламаларымыздың өзгешелік сипатын біз жыл сайын Қазасқтан үкіметімен бірлесе отырып талқылауды жөн көрдік. Бұл Қазақстан экономикасындағы жылдам өзгерістер табиғатына және оның институционалдық сұраныстарына дер кезінде нақты жауап беріп, дұрыс сезінуге мүмкіндік береді»,- деді Д.Трэй.
Тұтастай алғанда Д.Трэй Қазақстанды ендігі жерде Әлемдік банктен несие алу мұқтаждығынан құтылған «орташа кірісті елдер » санатына қосты. Осыған байланысты жаңа ынтымақтастық стратегиясы бірінші кезекте әртүрлі зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызметтер көрсетуді меңзейді.
Әлемдік банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Лу Брефордың атап көрсетуінше, әріптестік туралы келісімге Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту қарсаңындағы Қазақстан экономикасы үшін өзекті болып саналатын салалардағы консалтингтік қызметтер қамтылады.
«Біз Қазақстанды сынақ үлгісі ретінде пайдаланып отырмыз. Бұл орайда біз орташа кіріс деңгейі бар елдердегі сұранысты қалай толыққанды қанағаттандыру керек деген Әлемдік банк үшін көкейкесті сұраққа жауап таппақшымыз «,- деді банктің аймақтық өкілдігінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар