Қазақстан үкіметі мен мұнай өндіруші компаниялар ашықтық туралы бастамаға бірігу жөніндегі меморандумға қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі мен мұнай өндіруші компаниялар ашықтық туралы бастамаға бірігу жөніндегі меморандумға қол қояды

Қазақстан үкіметі мен мұнай өндіруші компаниялар ашықтық туралы бастамаға бірігу жөніндегі меморандумға қол қояды

5-қазанда Алматыда Қазақстан үкіметі мен мұнай өндіруші компаниялар арасында Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастамаға бірігу жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтеді. Бұл туралы бүгін, 4-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қазан 2005
  • 414
Фото - Caravan.kz



Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның минералды ресурстарды өндіру саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі бастамаға бірігетінін 2005-жылғы 16-маусымда Азия қоғамының Алматыдағы халықаралық бизнес-конференциясында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеген болатын.
Бастаманы жүзеге асыруда Қазақстан Әзербайжанның тәжірибесін пайдаланбақшы. Онда мемлекеттік комиссия мен компаниялар арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстанда аталмыш құжатқа қол қоятын тау-кен саласындағы 13, мұнай және газ өндіруші 48 компания айқындалды.
Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастаманы Ұлыбритания үкімет басшысы Тони Блэр 2002-жылдың қыркүйек айында Йоханнесбург қаласында өткен тұрақты даму жөніндегі саммитте жария еткен.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта