Жарияланды: 360

Қазақстан үкіметі қызметінің ашықтығы жағынан соңғы орында келеді - WJP

Қазақстан үкіметі қызметінің ашықтығы жағынан соңғы орында келеді - WJP

Биыл Қазақстан World Justice Project's Rule ұйымының «Әлемдік сот әділеттігі» бағдарламасында үкіметтің есептілігі және билік өкілеттігін шектеу деңгейі бойынша 97 елдің ішінде 89-шы орынға тұрақтады.

Индекс бойынша, көрсеткіштің төмендігі елдің заң шығару және сайлау процесіне, сот ісіне саясаттың араласуы ықпал етіп отыр. «Үкімет қызметінің ашықтығы» бойынша Қазақстан табыс деңгейі орташа 30 елдің арасында соңынан санағанда екінші орында, делінген хабарламада. Азаматтық соттарға ықпал төмен, сондықтан олар тиімді жұмыс істейді, деп хабарлайды WJP ұйымы. Ал, қылмыс деңгейі бойынша Қазақстан 97 елдің ішінде 46-шы орында, ал табысы орташа деңгейден асатын 30 мемлекеттің арасында 11-ші орын иеленген. Индекске сүйенсек, «жемқорлық» факторы бойынша Қазақстан 2012 жылы 97 елдің ішінде 73-ші (2011 жылы 66 елдің ішінде 66-шы), «тәртіп және қауіпсіздік» - 46-шы (2011 жылы 27-ші орын), «негізгі құқықтар» бойынша - 74-ші (2011 жылы 46-шы орын), «үкімет қызметінің ашықтығы» бойынша - 85-ші (43-ші), «билік өкілеттігін шектеу» - 89-шы (59-шы) орында. Индекс 97 елдің 97 мың азаматы мен 2,5 мыңнан астам сарапшыдан алынған сауалнама нәтижесі бойынша құрастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін