Қазақстан үкіметі республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін БҰҰ-на ризашылық білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін БҰҰ-на ризашылық білдіреді

Қазақстан үкіметі республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін БҰҰ-на ризашылық білдіреді

Бүгін, 16-тамызда ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің үйлестіруші-резиденті Фикрет Акчураны республикадағы өкілеттілік мерзімі аяқталуға байланысты қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Тамыз 2004
  • 660
Фото - Caravan.kz

ҚР сыртқы саясат мекемесінің басшысы ел үкіметінің атынан «ұйымның өз бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру арқылы республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін БҰҰ-на ризашылық білдірді»,- делінген хабарламада. Қ.Тоқаев сондай-ақ, БҰҰ жүйесіне қарасты мекемелер мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға қосқан Ф.Акчураның жеке үлесі мен ролін жоғары бағалады.

Бұған қоса Қ.Тоқаев БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері, қорлары мен бағдарламалары Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени дамуы үшін жан-жақты ауқымды көмек көрсетіп отырғанын тағы бір атап өтті.
Қ.Тоқаев сондай-ақ, Қазақстан БҰҰ-ның халықаралық қауіпсіздік және мемлекеттердің тұрақты дамуына түрткі болу саласындағы іс-қызметін әрдайым қолдайды деп атап көрсетті.

Перейти к новостям спорта