Қазақстан үкіметі "Сайлау туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі "Сайлау туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Қазақстан үкіметі "Сайлау туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі "Сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қараша 2008
  • 334
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов атап өткеніндей, бұл заң жобасы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жасалған.

«Парламенттің екінші сессиясының ашылуында президент сайлау туралы заңды одан әрі жетілдіру қажеттігін атап көрсеткен. Үкіметтің алдына «Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды парламентке енгізу туралы нақты міндет қойылды», -деді Кәрім Мәсімов.

Үкіметтің отырысында еліміздің әділет министрі Зағипа Балиеваның атап көрсеткеніндей, «қоғамды демократияландыруды күшейту мақсатында мемлекет басшысы парламент мәжілісін екіден кем емес саяси партияның қатысуымен жасақтауға мүмкіндік беретін құқықтық механизм құруды ұсынған». Осыған байланысты заң жобасында бірқатар нормалар қарастырылған. Атап айтсақ, парламент мәжілісінде екіден кем емес саяси партияның өкілеттілігінің болуына кепілдік берілген.

«Заңда 7-пайыздық тосқауыл қалдырылды, бірақ егер сайлауда бір ғана саяси партия өткен жағдайда, депутаттық мандаттарды таратуға көп дауыс жинаған келесі партия жіберіледі», — деді әділет министрі.

Бұл норма парламент мәжілісінде екіден кем емес саяси партияның өкілеттілігінің болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, өткен сайлаулардағы тәжірибенің негізінде сайлау процессін жетілдіре түсуге мүмкіндік беретін өзгерістер ұсынылып отыр. Атап айтсақ, Орталық сайлау комиссиясының президенттіктен үміткерлердің сенімді тұлғаларын тіркеу құзыреті аумақтық сайлау комиссияларына беріледі. Сайлау комиссияларының мемлекеттік қызмет болып табылмайтын мүшелеріне сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауды өткізуге бөлінген қаржының есебінен ең төменгі үш айлық жалақының көлемінде жалақы белгіленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар