Қазақстан үкіметі саяси партиялар туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі саяси партиялар туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Қазақстан үкіметі саяси партиялар туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі "Саяси партиялар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қараша 2008
  • 468
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын үкіметтің отырысында таныстырған еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, «заң жобасы Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңалаудағы нақты қадамға айналуға тиіс». «Осы мақсатта заң жобасымен жұмыс барысында біз гуманитарлық саладағы ЕҚЫҰ базалық стандарттары мен «Еуропаға жол» бағдарламасының азаматтардың қоғамның саяси өміріне атсалысуы жөніндегі іргелі құқықтарына қатысты шешуші ережелерін арқау етіп алдық», — деді министр.

Оның айтуынша, «енгізілетін түзетулер бірінші кезекте саяси партиялар туралы заңды либерализациялауға және партияларды тіркеу процедураларын оңайлатуға бағытталған». «Осыған байланысты заң жобасындағы бірқатар принциптік тұстарына оқтала кетейін: 6-шы бапты заңдағы заң деп атауға тұрады, өйткені, кейбір заңнамалық актілер бар-жоғы 10 — 15 баптан тұрады, ал аталған бап 10 бөлімнен тұрады, олардың жетеуі — мүлдем жаңа», — деді М. Құл-Мұхаммед.

Енгізілетін түзетулер партиялардың құрылтай съезін шақыру, өткізу және оған дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің қызметін регламенттейді. «Ұйымдастыру комитетін құру жөніндегі баптың жаңа редакциясының 2 бөліміне сәйкес, оны құрудағы міндетті шарт — партияның құрылуы болмақ. Баптың келесі 6 тармағында ұйымдастыру комитетін тіркеуге қажетті мәліметтер мен талаптардың тізімі көрсетілген : бұл жиналыс хаттамасы, мүшелер туралы ақпарат, уәкілетті тұлға, мекенжайы мен қаржыландыру туралы мәліметтер», — деді министр.

Оның айтуынша, «бұл жобаның хаттамаға қатысты бөлімі «Азат» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның саяси партиялар туралы заң жобасындағы ұсыныстарын сөзбе-сөз қайталайды».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар