Қазақстан үкіметі саяси партиялар туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі саяси партиялар туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады (толық нұсқасы)

Қазақстан үкіметі саяси партиялар туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады (толық нұсқасы)

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі "Саяси партиялар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қараша 2008
  • 1022
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын үкіметтің отырысында таныстырған еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, «заң жобасы Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңалаудағы нақты қадамға айналуға тиіс». «Осы мақсатта заң жобасымен жұмыс барысында біз гуманитарлық саладағы ЕҚЫҰ базалық стандарттары мен «Еуропаға жол» бағдарламасының азаматтардың қоғамның саяси өміріне атсалысуы жөніндегі іргелі құқықтарына қатысты шешуші ережелерін арқау етіп алдық», — деді министр.

Оның айтуынша, «енгізілетін түзетулер бірінші кезекте саяси партиялар туралы заңды либерализациялауға және партияларды тіркеу процедураларын оңайлатуға бағытталған». «Осыған байланысты заң жобасындағы бірқатар принциптік тұстарына оқтала кетейін: 6-шы бапты заңдағы заң деп атауға тұрады, өйткені, кейбір заңнамалық актілер бар-жоғы 10 — 15 баптан тұрады, ал аталған бап 10 бөлімнен тұрады, олардың жетеуі — мүлдем жаңа», — деді М. Құл-Мұхаммед.

Енгізілетін түзетулер партиялардың құрылтай съезін шақыру, өткізу және оған дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің қызметін регламенттейді. «Ұйымдастыру комитетін құру жөніндегі баптың жаңа редакциясының 2 бөліміне сәйкес, оны құрудағы міндетті шарт — партияның құрылуы болмақ. Баптың келесі 6 тармағында ұйымдастыру комитетін тіркеуге қажетті мәліметтер мен талаптардың тізімі көрсетілген : бұл жиналыс хаттамасы, мүшелер туралы ақпарат, уәкілетті тұлға, мекенжайы мен қаржыландыру туралы мәліметтер», — деді министр.

Оның айтуынша, «бұл жобаның хаттамаға қатысты бөлімі «Азат» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның саяси партиялар туралы заң жобасындағы ұсыныстарын сөзбе-сөз қайталайды».

Саяси партияларға байланысты 2005 жылдан бері көптеген талқылаулар болғанына тоқталған мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Жұмыс тобы аталған заң жобасын мұқият зерделеп, «Саяси партиялар туралы» заңға көптеген өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, саяси партия құру үшін бұдан бұрын 50 мың адамның қолын жинайтын болса, қазір кезде бұл көрсеткіш 40 мыңға дейін төмендетілді. Сондай-ақ осыған дейін саяси партияларды екі айда тіркеп, оларға жауап беру керек болса, енді жаңа заң жобасында бұл мүмкіндік 4 айға дейін ұзартылды. Мұнымен қоса партиялардың бірігуі, партиялардың жұмысын тоқтатуы мәселелері бойынша заң жобасында нақты заңнамалық нормалар енгізіліп отыр», деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар