Қазақстан үкіметі таяу күндерде экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын жария етеді
Астана. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі таяу күндерде экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын жария етеді. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Үкіметтің 25 қарашада өтетін кеңесінде үкімет экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын, немесе дағдарысқа қарсы бағдарламаны толыққанды жария етуге дайын болады деп ойлаймын. Оны біз 25 қарашада үкіметтің отырысында бүгінгі шараларлы қоса жан-жақты талқылаймыз. Қазақстан үкіметі қолданып отырған шаралар уақытын тапқан. Олар батыл әрі ұтқыр болуға тиіс", - деді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін