Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда жаңа Кеден кодексінің жобасын жасауға кіріседі - Кәрім Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда жаңа Кеден кодексінің жобасын жасауға кіріседі - Кәрім Мәсімов

Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда жаңа Кеден кодексінің жобасын жасауға кіріседі - Кәрім Мәсімов

Алматы. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда жаңа Кеден кодексінің жобасын жасауға кіріседі. Бұл туралы бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Орталық Азия. Инвестициялық мүмкіндіктер. Жаңа Жібек Жолы" конференциясы барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2008
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Озық тәжірибені пайдалана отырып біз салық салудың прогрессивті механизмін енгізуге және салық әкімшілігін біршама жеңілдетуге негізделген жаңа модельдің негізін қаладық. Біз кедендік әкімшілікке қатысты да осындай жұмыстарды жүргізбекшіміз», — деді Кәрім Мәсімов.

Қазірдің өзінде рұқсат құжаттарының саны азайтылып, тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы өту процедуралары оңайлатылды.

2009 жылдан бастап интеграцияланған кедендік бақылауға көшу де тың шешімге саналып, Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық сауда компаниялары үшін әкімшілік кедергілерді нақты азайтуды қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар