Қазақстан үкіметі тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны оңтайландыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны оңтайландыруды ұсынады

Қазақстан үкіметі тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны оңтайландыруды ұсынады

Астана. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны оңтайландыруды ұсынады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қараша 2008
  • 567
Фото - Caravan.kz

«Біз 2005 — 2007 жылдарға арналған бағдарламадан қалғандарды 2008 — 2010 жылдарға арналған бағдарламаға ауыстырамыз. 2005 — 2007 жылдарға арналған бағдарлама бойынша кезекте тұрған адамдар Қаржы министрлігі ұсынған балл жүйесі бойынша есепке алынады», -деді Кәрім Мәсімов.

«Әкімдіктерге мемлекеттік бағдарламаның қаржысы есебінен салудың орнына дайын баспана сатып алуға мүмкіндік беріледі. Бұрын ондай мүмкіндік болмаған және бағасы да мемлекеттік бағдарламада көрсетілгенен жоғары емес».

«Біз сонымен бірге аталған бағдарлама бойынша пәтерлер сату жүйесін бағдарламада көрсетілген бағаға өзгертуды ұсынамыз. Пәтерлер өзінің арналған адамдарына сатылады. Ал сатылмай қалған пәтерлерді ипотекалық несиелендірудің коммерциялық бағасына стауға мүмкіндік беретін боламыз», -деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар